Қызылорда облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Бақтияр Оспановтың айтуынша, қазіргі жастардың аға ұрпақтан айырмашылығы – ішпейді, шекпейді, бірақ қатыгездікке құмар. Оған не себеп болуы мүмкін? Бұл Counter-Strike, Standoff 2 секілді қатыгездік пен қантөгісті насихаттайтын ойындардың салдары болуы мүмкін. Бүгінде осындай онлайн ойындар балаларымыздың бойына теріс құндылықтардың дәнін сеуіп жатыр дейді дінтанушы.
Ғалым-зерттеуші А.Сидорованың 12-14 жастағы жасөспірімдерден тұратын 2 топқа компьютерлік ойынның әсерін білу үшін жүргізілген эксперимент нәтижесін талдау оған келесі шешімді жасауға мүмкіндік береді:
1. Компьютерлік ойындардың жасөспірім психологиясына әсері барысында тітіркену, сезіктену, ойыншы тарапынан жағымсыз көріну секілді сезім артады.
2. Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдер балаларға тән кішігірім бұзақылықта немесе жеңіліске ұшырауда өздерін айыпты санайды.
3. Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдерде айнала қоршаған өмірге теріс қарау пайда болады (жақындармен ұрысу, айқайлау, басқаларды кемсіту)
4. Мұндай жасөспірімдер тек үстем-үстем сөйлеп қана қоймай, денеге зақым келтіру әрекетін де қолданады. Мұндай әрекеттерді ойын барысында ұтқандар мен ұтылғандарды бақылай отырып аңғаруға болады. Жасөспірімдер айқайлайды, қасындағы заттарды лақтырады, сындырады, дүлейді айналасындағыларға шығарады.
Компьютерлік ойындармен ұзақ ойнаған сәтте жасөспірімдер ойын әсерінен ұзақ мерзімге дейін айыға алмай, тұрып қалады, яғни ойынды аяқтаса да жасөспірімдер біршама уақыт қиялдан айыға алмайды (психологиясына орай ойынның қиялы шеңберінен шығу мерзімі Компьютерлік ойындар мазмұнын талдау барысында оның 50%-ң зорлық-зомбылық актілерінен тұратыны анықталады.
Дінтанушы маманның сөздерінде шындық бар деп есептеуге болады. Себебі, атыс шабысқа құмар адамның қолынан ертең қандай әрекет келетінін ешкім білмейді. Сол себепті бұл мәселеге мұқият болған жөн.
Зорлық-зомбылыққа негізделген компьютерлік ойындардың жасөспірімдер түйсігіне әсері проблемасын біржақты қарастыруға болмайды. Зорлық-зомбылық элементі бар компьютерлік ойындарды ойнау және өмірде күш көрсету – әртүрлі жайт. Бірақ зорлық-зомбылыққа ойын арқылы интерактивті қосылу оны әдетке айналдырады, аяныш білдіру, толғану, мүсіркеу және т.б. сезімдері ысырылады. Өмірде олар үшін адамды тапаншамен немесе автоматпен атып тастау, электроарамен кесіп жіберу, бомбамен бірнеше бөлікке бөліп тастау түк емес болып көрінеді.
Ғаламтордың тек пайдалы жағын ғана емес, бір уақыт зиянды жағын да айта отырған абзал. «Әнім де сен – агент, сәнім де сен – агент» деген әуен күн сайын салмақтанып, өзекті мәселелердің біріне айналып барады. Тек, біз ғана емес, компьютер ойынын жастарына насихаттаған басқа елдер де бұған бүгінгі таңда алаңдаулы. Оған біраз мысалдарымыз да дайын: 2002 жылы наурыз айында 21 жастағы американдық Шон Вили виртуалды EverQuest онлайн ойынында жеңіліске ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсаған болатын. Ол ол ма, шетелде 17-18 жастағы жеткіншектер арасында айлап далаға шықпайтыны көп кездеседі. Тіпті, кейбіреулері онлайн ойыннан бір сәтке де қол үзбес үшін агорафобиямен (ашық кеңістіктен қорқу) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысқан екен. Психологтардың зерттеуінше, компьютерде ойнағанда адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жақсы жұмыс істейтін көрінеді. Ал, көгілдір экран бетіне үңіліп, ойынға берілген адам бүкіл дүниені ұмытып, ессіз күйге түседі.
Ол аз десеңіз, балалар соңғы кезде етек алған тендонит деп аталатын дертке ұшырауда. Психологтардың зерттеуінше, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жұмыс істейді екен. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде іс-қимыл траекториясы мен қашықтықты есептеуде қателіктерге бой алдырады. Себебі 3D – бейнелер кеңістігі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды.
Компьютердегі атыс-шабыс, төбелес сияқты ойындардың зияны талай айтылып жүр. Футбол ойнағанда алдымен адам көз жанары құрып, жүйкесі нашарлап, жан дүниесі құлдырай бастайды екен. Бұл өзгеріс көзге көрінбейді, тіпті, сезілмейді де.
Ал енді жаңағы дінтанушы айтпақшы, компьютерлік ойындардың ықпалымен өскен бала ертең жат діни ағымға ұшырап жатса ол үшін қару қолдану және бір жерді жарып жіберу түк болмауыда мүмкін. Сақ болайық!