Біріншіден, кітаптар Алла тағала тарапынан Пайғамбарларға беріледі.
Екіншіден, Елшілерге түскен кітаптардың барлығы (Тәурат, Забур, Інжіл, Құран Кәрім) – ақиқат. Олардың еш қайсысын жоққа шығаруға болмайды.
Үшіншіден, Алла тағаладан жіберілген кітаптардан бізге мәлімі – Тәурат, Забур, Інжіл, Құран Кәрім. Бұл төрт кітаптың ішінде Құран Кәрімнен басқасы өзгеріске ұшырап, адамдар тарапынан өзгертілгендіктен, қазіргі таңдағы Тәурат, Забур, Інжіл кітаптары негізгі түпнұсқа болып саналмайды.
Құран Кәрім Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиырма үш жылда толық түскен. Құран Кәрімде еш өзгерту болмаған әрі болмайды да.