Құран Кәрімнің Мәида сүресі 5-аятында «Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілгендердің (Христиан, Яһуди) тамағы (бауыздағандары) сендерге халал етілді. Сендердің тамақтарың оларға да халал қылынды» -деген аят бар. Осы аят арқылы Алла тағала кітап иелерінің тағамдарын халал етті. Яғни, аятта үкім нақты беріліп отыр: «Кітап берілгендердің (Христиан, Яһуди) шалған (бауыздаған) түйе, жылқы, сиыр, қой еті адал».
Халал өнімдерге сертифкат беріп жүрген азаматтар Құран Кәрімнің осы аятын жақсылап жаттап алғандары абзал. Әйтпесе елдің арасында оңды-солды сөйлеп, пәтуасыз сөздерімен көпшіліктің көңіліне кірбің салып жатқан жағдайлар да кездесіп қалуда.
Шариғат үкімінде етті алып-сатушының сенімі емес, малды шалғанның (бауыздаған) сенімі маңызды.Әрине, ең дұрысы етті сенімді жерлерден алуға тырысу керек.