Жұма, 22 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кіші жүз Тойжан бидің «Ақырзаман» жайлы болжап айтқаны

10.09.2020
- Қоғам
0
651
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі жұртшылыққа Мөңке бидің заманамызды болжап айтқандары етене таныс. Әсіресе, оның: «Алашұбар тілің болады, дүдамалдау дінің болады» дегені екінің бірінің аузында мақал-мәтел есебінде жүр.

Бірақ атам қазақта онан басқа, әрісі Майқыдан бастап замана барысын алдын ала жорамалдаған әулие көрегендер аз болмаған. Асы-күпірліктен емес, ұрпағын сақтандырғаннан айтқандары да шындық. Олардың қарасаны мол-ақ. Көбісі баспаға түсіп, тіптен, интернет беттерінде де жүр.

Алайда көпшілік назарынан тыс қалғандары да бар екен. Бұған біз Отырар алқабының беймәлім тарихынан сыр шертетін аймақтанушылық кітабымызға материал жинаған кезде көз жеткіздік. Атап айтқанда, Қоңырат ішіндегі Итемген Божбан дарағының түп-тамырын тарқатып, жинақтап, құрастырған ақсақалдар – Құлтас Арынұлы Абылай немересі мен Әлімжан Әбілханұлы Иса немересінің шежіресінде Кіші жүз Тойжан бидің «Ақырзаман» жайында болжап айтқан толғамына кезіккеніміз үлкен жаңалық болды.

Әдеттегі шежірелердің тек қана өз тайпасы шеңберінде әңгіме қозғап, өзінен шыққан тұлғалардың сөздері мен қайраткерлігін қаузайтынын ескерсек, бұл шынында да өте қызықты дерек болып отыр.

Шежірешілердің негізінен ел аузында сақталған мұраға арқа сүйеп, мағұлыматтарды өз тұқымына қатыстылығы тұрғысынан ғана екшейтінін пайымдасақ, бұл да кездейсоқтық емес секілді. Тегіне қатысты тек қана «Кіші жүз» деп анықталған кісінің нақты қай атадан тарағаны белгісіз.

Алайда, осы Орта жүз – божбандар шежіресінде сарабдал сөзі жүретіндей әлдеқандай жақындығы, я бір табындығы бар ма дейміз. Шежіре ертеректе жарияланғандықтан, мән-жайды құрастырушылардың өз ауыздарынан білу мүмкін емес.

Не десе де, Қаратаудың күнгей тарихнамасында Кіші жүз ішінен Жағалбайлы, Тама, Адай, Рамадан, Жаппастардың ізі бар екендігі барған сайын айқындалып жатқан уақытта, «не» деп болмас. Бұл туралы жаңа заман зерттеушілерінің де уәждемесі негізді. Сондықтан да, «анығын Алла біледі» дей отырып, «солардың бірінің биі болса керек» деп жорамалдаймыз.

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

20.09.2023
Қазақстандағы дүнгендер

Қазақстандағы дүнгендер

18.09.2023

Сонымен, көрімпаз би не деп толғаған екен, назар аударалық:

«Адам азады, жер жыртудан тозады, сөзде байлау болмайды, ұзаққа созады, оған себеп: адамның жақсысы кетіп, жаманы қалады, сөзінің ақылы кетіп, амалы қалады, жылқының жүйрігі кетіп, шабаны қалады. Көлдің суы кетіп, табаны қалады. «Тарағай» деген ел болады, адамның тырнақтайы би болады. Сол кезде анық уәде болмайды, үлкеннің тілін кіші алмайды, көп білетін ақылды болса, оны тыңдамайды, жеңілдікке салынып өзін-өзі қорлайды. Ұлы атадан бөлініп, үй болады, күнде айырбас шақырыс болады, тартқаны домбыра, сырнай (музыка) күй болады. Еріне әйелі би болады. Шақырысты ұмытпайды. Әйелі базардан қалмайды, терлеп тапқан еңбегінің берекесі болмайды. Ішкендері арақ-шарап болып, өз бойына жұқпайды. Қонақ асын жақсы берсең, ол үйден төбелеспей шықпайды, адамшылық сөз айтсаң ұқпайды, тоқтау сөз айтсаң, түгіңді қоймай балағаттайды. Келесі күні кемшілігі есіне түсіп, күйеуі өлген әйелдей дауыс шығарып жоқтайды. Әйелі тәуірдің шаруасы түзеледі, әйелі нашардың шаруасы күйзеледі. Көйлегі шолақ, дамбалды қысқа киеді, борбайы көрініп жүреді. Адам азғанда ар-ұят қалмайды. Атаның тілін бала алмайды, Құдай сабыр бермесе оны түзеп болмайды, жиғаны темір-терсек болады, істегені құлшылық жай-жайбарақат өмір болады. Ашытқан қамыр асы болады, адал-арамды білмейді, азған деген осы болады. Ет пен майды тамақ демейді. Арақсыз тамақ жемейді. Жасы жеткен көрер, одан арғысын көре алмадым. Жаратқан ием қалғанын өзі білер».

Жасыратыны жоқ, Мөңкебилік сарын мұнда да бар. Дегенмен, бұл осындай барлық болжамдарға тән риторика мен стилистика деуге болатындай. Ал мұны эксклюзив дей аламыз ба? Яғни бұрын-соңды аудандық, облыстық, я республикалық деңгейде жарық көрмеген мәтінге жатқызуға бола ма?

Өзіміз осы сауалдардың жауабын білу үшін бірнеше Антиплагиат бағдарламаларының қызметіне жүгіндік. Олар 100% уникальдықты көрсетті. Бұл деген сөз әлемжелі торында дәл мұндай «би» жалғауы бар кісі есімі мен тап осы тақылеттес әңгімеден мәлімет жоқ деген сөз.

Одан қалса, бүкіл фольклорлық қабатты қамтыған «Бабалар сөзі» жүзтомдығының сериаларын бірқыдыру шолып шықтық. Байқамай өтіп кетпесек, ол жерде де Тойжан сынды тұлғаға қатысты бір жол жоқ.

Өз кезегінде, бұл «би болжамдары осы Шәуілдір аумағында ғана көнекөздер арқылы сақталып қалған» деген ойға жетелейді. Анық айта алмаса та, оның бірегейлігі өзі үшін өзі сөйлеп тұр.

Бәрін айт та бірін айт, «Ақырзаман» болжамындағы «Әйелі базардан қалмайды, терлеп тапқан еңбегінің берекесі болмайды… Әйелі тәуірдің шаруасы түзеледі, әйелі нашардың шаруасы күйзеледі» дегені қалай дөп айтылған деп топшыладық.

Бұл қазіргідей қазақ ер-азаматтарының барған сайын қадірі қашып, қоғам таразысында әйелдер салмағының басқанын ілкіден көріп суреттеп, сипаттап кеткен болмаса, нағылсын?! «Көйлегі шолақ, дамбалды қысқа киеді, борбайы көрініп жүреді» дегені ше?

Айта берсек, көп. Бірақ Тойжан бидің дерегін әлі де іздеу керек. Білемін деушілер болса, мархаба, байланысқа ашықпыз. «Сөзі дәрі» десек, «өзі не қылған кәрі», мұны анықтап, ақпаратын беру қазақ руханияты үшін керек дүние болса керек-ті. Бұл даусыз жайт!

Мәдениеттанушы-лингвист

© Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Тегтер: ақырзаман туралы болжамбабалар сөзіТойжан би
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қызылорда: «Бабалар сөзі – даналық көзі» атты жыршылар фестивалі өтті
Жаңалықтар

Қызылорда: «Бабалар сөзі – даналық көзі» атты жыршылар фестивалі өтті

12.05.2023
Қоғам

Кіші жүз Тойжан бидің “Ақырзаман” туралы болжап айтқаны

29.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Біз «таңдаулы» адамдармыз ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1487 рет бөліскен
    Бөлісу 595 Твитерге 372
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7506 рет бөліскен
    Бөлісу 3002 Твитерге 1877
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4959 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    793 рет бөліскен
    Бөлісу 317 Твитерге 198

Соңғы жарияланымдар

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу

Қарулы күштерде «Тіл – татулық тірегі» байқауы өтті

22.09.2023
0
Қарулы күштерде «Тіл – татулық тірегі» байқауы өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00