Бәрімізге де белгілі, Имам Ағзам Әбу Ханифа ислам әлеміндегі бүгінгі күнге дейінгі ең танымал мұсылман ойшылы болып саналады.
Бүгінгі әлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер құраса олардың жартысынан көбі Ханафи мәзһабын ұстанады.
Исламда бір мәзһабта болудың артықшылығы – халық біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс-керіс, дау-жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден-бір сыры осында. Осының арқасында әртүрлі қайшылықтардың жолы кесіліп, керағар пікірлердің алды алынып келді. Сондықтан да, мәзһаб ұстану қазіргі заман талабы.
Бір мазһабта болу – біріншіден шариғат амалдарының бір болуы арқылы басқа жат пиғылды ағымдардың енуіне жол бермесе, екіншіден, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түседі.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру және ұлттық ерекшелікті сақтау жолында Имам Ағзам Әбу Ханифаның діни мұрасы ерекше тарихи рөл атқарған. Әбу Ханифа мазһабы шариғатқа қайшы келмейтін кез келген дәстүрлерімізді ұстануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл осымен де құнды. Қазақ халқының көптеген дәстүрлері исламға дейін де болған, исламнан кейін де осы хақ діннің аясында жоғалмай сақталып келеді. Ханафи мазһабын берік ұстанған адамдар, оның ішінде біздің ата-бабаларымыз да ең мықты мұсылмандар болғаны тарихтан белгілі. Ислам дінінің кеңінен қанат жайып, ғылымда, өнерде және мәдениетте әлемдік өркениеттің жоғары сатысына жетуіне баға жетпес үлес қосқандар осы мазһабтың өкілдері десек, қателеспейміз.