Баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар мен жетімдерге пәтер беріледі. ОКҚ-да өткен баспсөз мәслихатында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша біз азаматтардың әртүрлі санаты үшін 5200 пәтер беру туралы міндет қойдық. Оның ішінде жетім балалар, көпбалалы аналар, әлеуметтік осал азаматтар, сонымен қатар жұмыс істейтін жастар бар, – деді Қасымбек.
Ол қазіргі таңда құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын айтады.
2024 жылғы қаңтарда баспана кезегінде тұрғандар осы үйлерді алады деп жоспарланып отыр, – деді қала әкімі.
Не арқылы:
baq.kz