Қалдарбектің қапасқа қамалғанына биыл 15 жыл. Ол күштіден именіп, әлсізге үстемдік жүргізетін қылмыс әлемінің өкілі. Бірнеше жыл бұрын Алматыда екі қылмыстық топ тіресіп, тараптар тартысы адам ажалымен аяқталады. Сол кезде қызу қанды Қалдарбек бар кінәні өзі арқалапты. Сот үкімімен 20 жасар жігіт қатаң режимдегі колонияға 12 жыл 6 айға аттанды. Бірақ, түрмедегі талапқа бағынбай, мерзіміне тағы жарты жыл қосып алады. Бұл аздай діни радикалдардың қармағына ілігеді…