Баланың дамуында қаншалықты ананың орны алдыңғы орында көрінгенмен, әкенің де өз орны бар!
Қыз бала үшін де, ұл бала үшін де “бар мен жоқтың арасында” әке орны, сәби кезден бастап балаларға қатты әсер қалдырады.
Бала, өмір үшін күресті үйренуде, мәселелерге қарсы тұру қабілетін игеруге, өзіне сенім тудыратын кісілік қалыптастыруда анасы сияқты әкесіне де мұқтаж. Әкемен байланыс қаншалықты күшті болса, соншалықты өзін сенімді, өмірге үмітпен қарайды.
Енді керісінше ойлап көріңіз: Әкесі қарамайтын баланың қанаты қайырылады, барлық қауіп-қатерге бетпе-бет келеді. Пайғамбарымыз бен Фатиманың арасында байланысы бұл мәселеде тамаша өнеге!
Ол келген кезде әкесі орнынан тұрып, қарсы алып, оң жағына отырғызатын.
Балалық шағынан бастап, бой жеткенше, тұрмыс құрып, ана атанғанша барлық жағынан қолдау көрсетіп, қамқорлығын, терең мейрімін аямайтын. Мұндай мейрімділікке қандай жүрек шыдайды?
Хазіреті Фатима (р.а.) әкесінің арқасында құрметті ұрпақ, абзал ана, сүйкімді жұбай болды.