Халық даналығында «ешкім ауруды сұрап алмайды» деген сөз бар. Ауру адам үшін – сын, одан ешкім сақталмаған, Алла тағала ауру арқылы өзінің пенделерін сынайды. Шариғат бойынша ауру адамдар қамқорсыз және қуатсыз күйде болғандықтан бірінші кезекте оның қорғауына түседі. Шариғаттың барлық негіздері әлсіз және ауруларды емдеу мен олардың игілігі үшін жұмыс істейді.
Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Ауру адамның көңілін сұраңыздар, қарны ашса тамақтандырыңыздар және қиындықты басынан өткізсе, босатыңыздар» – деп бұйырған.” (Бухари)
Абу Хурайрадан жеткен тағы бір хадисте Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) «Барлық мұсылмандарға бір-біріне қарым – қатынас бойынша бес нәрсе жүктеледі: келгенді күтіп алу, аурудың көңілін сұрау, өлген адамды шығарып салу, шақыруға жауап беру және түшкірген адамға жақсылық тілеу”. (Бухари Муслим).
Сондықтан, ислам діні кез келген аурудың Алла тағаланың сыны екенін біле отырып, адам баласының бір – біріне мейірімді болуын үндейді.