«Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Kazislam.kz порталының ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылды.
Порталға наурыз айында барлығы 450 астам материал жарияланған. Оның 329-ы «Жаңалықтар», 65 – «Мақала», 10-ы – «Сұхбат», 34 – «Сұрақ-жауап», 4-«Инфографика», 6-ы «Видео» т.б. айдарларында жарияланған (слайд).
Порталға ең көп салынатын материалдар күнделікті «Жаңалықтар» айдары. Ай бойы 329 жаңалық салынған. Әрине олардың басым көпшілігі мемлекеттік дін саласындағы саясатқа, ҚМДБ-ның күнделікті тыныс-тіршілігіне, отансүйгіштік, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты материалдар болып табылады.
«Мақалалар» айдарында жарияланған материалардың тақырыптары да әр түрлі. Мемлекеттің дін саласындағы саясатына және дәстүрлі ислам құндылықтары, деструктивті діни ағымдардың және экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарына қатысты, сонымен қатар төтенше жағдай кезіндегі медициналық көмек көрсету туралы жазылған.
Мақалалардың ішінде наурыз айында ең көп оқылған материал «Медициналық тұрғыдан сахур мен имсак уақытының маңызы», «Құран Кәрімде құстардың ғибадаты туралы», «Жасы үлкенді қадірлесе – құт болар», «Исламда спорттың тұжырымдамасы», «Муфтияты стран ЦА с заботой о верующих», «1430.kz: Карантинде дәрігерден онлайн кеңес алыңыз», «Қазақстанның деструктивті діни ағымдармен күресу шаралары», «Жазалау тәрбие тетігі ме?», «Тоқал алу үшін бәйбішенің рұқсаты керек пе?», «Исламдағы мұрагерлік мәселесі», «Құран Кәрімде жүрек ұғымының тұжырымдамасы» мақалаларын ерекше айтуға болады. Қалған материалдарда қоғам сұранысын қанағаттандыруға әлеуеті зор.
Порталдың «Сұрақ-жауап» айдарына 34 сұраққа мамандар тарапынан жауаптар берілген. Олардың ішінде ең көп қаралған «Егер адам намазға жығылса атын өзгертуі шарт па?», «Уәсуаса дегеніміз не?», «Илхам – шариғи дәлел бола ала ма?», «Шариғатта алдайтындардың үкімі қандай болады?», «Ауыртпашылықтан қашып жалғыз өмір сүру дұрыс па?», «Дінімізде Алла Елшісінен (с.ғ.с) кейін кімдердің мәртебесі жоғары?», «Жігітпен үйлену мәселесін ақылдасу үшін кездесуіме бола ма?», «Қажылыққа бармаған адам басқа біреудің орнына бара ала ма?» және т.б. қоғамдағы маңызды жауаптар болып табылады.
Ақпараттық-ағартушылық порталында көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға, дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыруда, мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіруде «Сұхбат» айдарының рөлі ерекше деп айтуға болады. наурыз айында порталда 10 сұхбат жарияланған. Оның ішінде «Мы нуждаемся в воспитании интеллектуальных мусульман», «Ғылымбек Мәжиев: «Жaқcы имaм – мұcылмaн үмметiнiң ұcтaзы», «Эксперт: Время требует усиления профилактической работы», «Жұма намазы уақытындағы мешіттердің жағдайы қалай?», «Токал или любовница? Вот в чём вопрос…», «Медреседе оқып жүр қалай қазақ баласы?» және т.б. сұхбаттар қоғамдағы дін тақырыбына қатысты өзекті деген мәселелер қамтылған.
Көпшілік оқырманның қызығушылығын тудыратын «Ғибратты әңгімелер» жарияланған.
Желтоқсан айында порталға 4 инфографика, «Кітапхана» мен «Дінтану бұрышы» айдарларында дін тақырыбына қатысты маңызды кітаптар мен зерттеулер салынған.
Kazislam.kz