Бес жыл бұрын Санкт-Петерборда теракт жасаған Ресейде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» тобының қаржыгері Мәскеуде сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп РФ ФҚҚ мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«2-Батыс округтік әскери сотының Сирия Араб Республикасының аумағында әрекет ететін «Катиба Таухид валь-Джихад» террористік ұйымын қаржыландыру арнасын басқарған Орталық Азия елдерінің бірінің азаматы Ахмедов Рафикжон Рахимжон углиге қатысты үкімі күшіне енді», — делінген хабарламада.
«Террористік әрекетке жәрдемдескені» үшін ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, алғашқы үш жылын түрмеде, ал қалған жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Өткен жылы Санкт-Петербург, Мәскеу, Орынбор, Якутск, Түмен және Қазан қалаларында өткен ауқымды операция кезінде Ахмедов пен оның қазір сотталған сыбайластары ұсталған.
2017 жылы сәуірде Санкт-Петербор метросындағы жарылыстың артында тұрған «Катиба Таухид валь-Джихад» ұйымы 2019 жылдан бері Ресейде террористік ұйым деп танылды. Ресей облыстарынан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Орталық Азияның басқа да елдерінен осы топтың жақтастарының тұтқындалғаны туралы жаңалықтар жиі келіп тұрады.
Исламның атын қаралаушылар көбеймесе азаяр емес. Осыларға қарап, өзге дін өкілдері әлемдік бейбіт дінді террористік дін деп қабылдайды. Терроризмнің ешқандай дінге қатысы жоқ екендігі бәрімізге белгілі. Көзі ашық, сауатты азаматтар бұлардың тек саяси қуыршақ екендерін біледі.
Ислам дінімен үш қайнасада сорпасы қосылмайтын бұндай жат ағымдардан қауіп әлі сейілмеді. Ғаламторда қаптап жүрген жалған уағызшылардың бейнероликтері қоғам ішіне әлі де іріткі салуы мүмкін. Ислами аттарды жамылған ұйымдардан сақ болып, сұрақ туындаған жағдайда тек ресми дін өкілдеріне ғана жүгінген дұрыс деп ойлаймын.
Жихад ұғымы исламда тек соғыспен және қан төгумен байланысты емес. Керісінше, адамның өзін өзі тәрбиелеп, нәпсісімен күресуін үлкен жихад дейді. Демек, өздерінің қанды қолдарын дінмен ақтап алу үшін қасиетті жихад ұғымын қолданатындардың тек көзбояушылықпен айналысатынын қоғамтүсінуі тиіс.