Жер бетіндегі катаклизмдер туралы айтқанда адамдар көбіне ақырзаман аласапыранын көз алдына келтіреді. Бірақ, ғалымдардың айтуынша, табиғаттағы болмашы өзгерістің өзі катастрофалық жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.
Ғалымдар соңғы жылдары Жердің өз осінен тезірек айнала бастағанын айтып дабыл қағуда. Рlanet-today-дің хабарлауынша, осы жылдың 29 маусым мен 26 шілде күндері адамзат тарихындағы ең қысқа күндер тіркелген. Зерттеушілер Жердің тез айналуы тәулік уақытының қысқаруына, ол өз кезегінде алапат апаттарға әкеп соғуы ғажап емес дейді. Жердің өз осінен тез айналуы 2016 жылы басталған.
Ғаламшарымыздың айналу жылдамдығындағы аз ғана өзгерістің өзі жер бетіндегі климатқа теріс әсер етіп, атмосфераның сыртқы қабаттарындағы қозғалыстарды бұзуы мүмкін.