Қарматтар қозғалысының ең ірі орталығы Шығыс Арабияның жағалау бөлігіндегі Бахрейн болды.
Исмаилизмнің ықпалымен және діннің сыртқы көріністеріне салақ қараған қарматтар өздерінің діни қозғалысында жалпыға бірдей саналатын мұсылман әдеттерін сақтамады, сол арқылы мұсылмандардың наразылығын тудырды.
Қарматтар Бахрейннен Куфаға тонаушылық шапқыншылықтар ұйымдастырды, қажылыққа барушылардың керуендерін тонады. 929-930 жылдары Меккені тонап, қажылықтың батыл сенім екенін алға тарта отырып 2000 қажыны өлтіріп, Зәмзәм құдығына тастап Қағбадан қасиетті «Қара тасты» алып кетті. Олар осы тасты жиырма жыл өткен соң Фатимилер халифы әл-Мансұрдың талабынан кейін ғана қайтарып берді.
Карматилердің сол ұстанған идеологиясынан олардың адасқан ағым екеніне көз жеткізуге болады.