– Уа, имам, бір ауыз сұрағым бар, жауабын бере кет, – дейді. Имам атының басын тежегенде, христиан сұрағын қояды:
– Сендердің пайғамбарларың «Дүние – кәпірлердің жұмағы, мүминдердің зынданы» демеп пе еді?
– Иә.
– Енді өзің айтшы, екеуміздің қайсысымыз жұмақта, қайсысымыз тозақтамыз? – дейді. Сонда имам жылы жымиып:
– Рас, егер сен тозақты көрсең, қазіргі халіңе көп шүкір айтар едің. Егер мүмин жұмақты көрсе, ол қанша бай болса да мына өмірден жерінер еді, – деп жауап қатқан екен.
Құдайберді БАҒАШАР