«Іштеріңіздегі базбір адамдардың түсіне қарағанда, Қадыр түні алғашқы жеті күнде көрінеді. Ал тағы бір адамдарға соңғы жеті күнде көрінген. Сіздер Қадыр түнін соңғы он күннен іздеңіз», – деп бұйырды.
Тағы бір хадис-шарифінде: «Сіздер оны соңғы он күннің тақ күнгі кештерінен іздеңіз», – деген болатын.
Қадыр түні туралы кең көлемде айтылған хадис-шарифтердің бірі Әбу Сайд ал-Худридің риуаяты болып табылады. Ол былай дейді: «Мұхаммед (с.а.у.) Рамазанның алғашқы он күнінде иттифак (күні-түні Алла-Тағалаға құлшылық жасау) жасады. Одан кейінгі ортадағы он күнінде жабағы жүннен жасалған Түрік шатырында иттифак жасады. Шатырының есігінің орнында саздан жасалған перде болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл пердені алып, шатырдың бір бұрышына қойды. Содан кейін шатыр терезесінен басын шығарды. Дүйім жұрт оған жақын келді. Ол былай деді: «Мен Қадыр түнін іздеп алғашқы он күнде иттифак жасадым. Содан кейін ортадағы он күннен іздеп тағы да иттифак жасадым. Кейін маған періште келіп: “Қадыр түні соңғы он күнде», – деді. Менімен бірге иттифак жасағандар қаласа, соңғы он күнде де иттифак жасасын». Ол адамдар Пайғамбарымыз (с.ғ.а.)-мен бірге иттифак жасады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға: «Маған Қадыр түні тақ түні көрінді», – деді.
Атақты ибн Кәсир өз тәпсірінде «Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүйім жұрттың алдында Қадыр түні қай күні келетінін айтар шақта, екі мұсылман бір-бірімен жанжалдасып, бұған қабақ шытқан Алла Елшісі (с.а.у.): «Мен сіздерге Қадыр түнінің қай күні келетіні хақында айтуға келген болатынмын. Пәленше деген екі адам бір-бірімен жаға ұстасты. Мен де Қадыр түнінің қай күні келетінін айтқым келмеді. Бәлкім, бұл сіз үшін қайырлы. Бірақ, сіздер Қадыр түнін тоғызыншы, жетінші, бесінші түндерінен іздеңіздер», – деген риуаятты алғатартады. Имам Шафи бұндағы Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның Қадыр түнінің қай түні келетіндігін айтпақшы болғандығы, сол жылғы Қадыр түнінің қай түні келетіндігін жеткізбекші болған деген пікір айтады.