Бірінші, бұл түнде Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.
Екінші, Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінуге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуытиіс.
Үшінші, Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ға салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үмбетінен болғанымызды саналы түрде сезініп, жолын берік ұстануымыз шарт.
Төртінші, Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып-шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуға тиіспіз.
Бесінші, Қадыр кешінің маңызына бай-ланысты және Қадыр түніне қатысты жеткілікті мағлұмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру керек. Әсіресе адам өз-өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен досты қарым-қатынасын күшейтуге, бірлік пен бір тұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.
Алтыншы, Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақсынып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт.
Жетінші, Алланы зікір етіп, тафаккур (терең жақсы ойлану) етіп, Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады.
Ұлы Жаратушының ұшы-қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын нәзік тафаккур (жақсы терең ойланып) етіп, иманымызды күшейтуіміз қажет.
Сегізінші, Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жаратушыға жақындататын дәнекер десек болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: «Аллаһүмме иннеке афүввин түһиббүл афве фа фүанни». Яғни, «Алла сен кешірімдісің, кешірудісүйесің, менікешірегөр».
Тоғызыншы, Қадыр түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.
Оныншы, Бұл Қадыр түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеуімі керек. Қадыр түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің бір тұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуімізшарт.