Шариғатта құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Осы уақыттың ішінде құрбан шалу – міндет.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбан шалудың уақытын жоғарыдағы аталған Бәрә ибн А’зибтен жеткен хадистің жалғасында: «Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Ол құрбандыққа жатпайды» делінген. Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын» деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.

Ершат ОҢҒАРОВ,

доктор PhD,

исламтанушы

Пікір жазу