Үтір намазында құныт дұғасын оқуды ұмытқан адам намаз соңында сәһу (ұмыту) сәждесін жасайды. Намазды қайтадан оқымайды.
Үтір намазын оқып тұрған адам, құныт дұғасын оқуды ұмытып рүкуғке барып қойған болса, құныт дұғасын оқымастан намазын әрі қарай жалғастыра береді. Алайда, намаз соңында әт-тахият дұғасын оқығаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, екі рет сәһу сәждесін жасайды. Сәһу сәждесінен кейін әт-тахият, салауат және дұға оқып екі жаққа сәлем беріп, намаздан шығады.
Сәһу сәждесі деп – намаздың ішіндегі рукіндерінің бірін жаңылып кешіктірсе, бір уәжіпті орындамаса немесе кешіктірсе намаздың соңында қосымша екі сәжде жасауды айтады.
әт-тахият дұғасын оқығаннан кейін ЕКИ жаққа сәлем беріп
Осы жери кате! Он жакка салем береди
Жамағатқа имам болған адам намазда қателік жіберсе, оң жаққа ғана сәлем беріп, сәһу сәжде жасайды. Өйткені, екі жаққа сәлем берсе, жамағат намаз бітті деп ойлап қалуы мүмкін. Ал Үтіп уәжіп намазы жеке орындалады, сондықтан намазды жеке оқыған адам қате жіберсе, екі жаққа сәлем беріп, сәһу сәжде жасайды.