Намаз оқитын жер мен киімнің нәжістен (лас нәрселерден) таза болуы намаздың шарттарынан болып саналады. Яғни, намаз оқушының денесінде, және намаз оқитын жерінде қан, ірің, кіші дәрет, жапа сияқты намазға кедергі ететін нәжістер болмауы керек.

Сіздің жағдайда, жұмыс кезінде киіміңізге еріксіз тиетін сыр, бояу, мұнай өнімдері, тот, лай сияқты нәрселер нәжіске жатпағандықтан намазға еш кедергі болмайды. Намаздарыңызды жұмыс киміңізбен оқи аласыз.

Алайда, мешітке кіретін болсаңыз жұмыс киміңізді таза киімге ауыстыруыңыз қажет. Өйткені, Жаратушы Хақ Құран Кәрімде, «әл-Ағраф» сүресінің 31-аятында былай дейді:

«Уа, Адамның ұрпақтары! Мешітке келгенде әсем (таза) киініңдер

Пікір жазу