Олар: Әли бин Әбу Тәліп (өл. 661ж), Хасан бин Әли (өл. 670 ж), Хусейн бин Әли (өл. 680 ж), Әли бин әл-Хусейн (өл. 713 ж), Мұхаммед әл-Бақыр бин Әли Зейнелабидан (өл. 733 ж), Жағфар әс-Садық бин Мұхаммед (өл. 765 ж), Мұса әл-Қасым бин Жағфар (өл. 799 ж), Әли әр-Риза бин Мұса (өл. 818 ж), Мұхаммед әт-Таки бин Әли (өл. 835 ж), Әли ән-Накғи бин Мұхаммед (өл. 868 ж), Хасан әл-Аскари бин Әли ән-Нәкғи (өл. 873 ж), Мұхаммед әл-Махди бин Хасан әл-Аскари (873 жылы ғайып болған).
Иснәашрия өкілдері он екінші имамды әлі тірі деп біледі. Ол әкесінің үйінің жер төлесіне жасырынып, содан қайтып көрінбеген. Оның қанша жасында жасырынғандығы туралы әртүрлі көзқарастар бар. Кейбіреулер ол жасырынғанда төрт жасында еді десе, келесі бір топ ол жасырынғанда сегіз жасында еді дегенді айтады. Залымдардан бой тасалаған он екінші имам күндердің күнінде жер бетіне әділет орнатады деп сенеді.
Иснәашария мәзһабы өкілдерінің бұған : «Қызыр (с.а.у) мен Ілияс (с.а.у) мыңдаған жылдар бойы ішпестен, жеместен өмір сүріп келеді. Ендеше, «Әһлі-бейттен» шыққан бір тұлға неге мыңдаған жылдар өмір сүрмеске» деген пікірді алға тартады.
Бүгінгі күнгі Иракта өмір сүретін шииттік топтар осы Иснәашария мазхабын ұстанушылар болып табылады. Әсіресе, жеке мәселелер және мұрагерлік, өсиет, қорлар, зекет беру секілді мәселелерде осы мәзһабтың үкімдеріне жүгінеді. Ирандағы шииттердің көпшілігі де осы мәзһабты ұстанады. Сонымен бірге, бұл мәзһаб Сирия мен Ливан және өзге де Ислам өлкелеріне тараған. Бұл елдердегі Иснәашария өкілдері Сүннит өкілдерімен мүмкіндігінше бейбіт қатынаста өмір сүреді. Өзге Шииттік топтардан Иснәашарияның негізгі ерекшелігі де осы бейбітшіл позицияны ұстануы болып табылады.
Иснәашария мәзһабы да өзге Шииттік топтар секілді бірінші имамның Пайғамбарымыздың (с.а.у) өсиетімен тағайындалғанын, одан кейінгілердің де алдыңғы имам тарапынан тағайындалу жолымен имам болғанына сенеді. Яғни, олар имамдықты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) басталады деп біледі.