Ислам басқа діндермен қарым-қатынасты әрине қолдайды. Өйткені Шығыста немесе Батыста болсын Исламнан басқа діндердің де өз өркениеттері және өзінің құндылықтар жүйесі бар. Тарихта басқа діндердің мұсылмандармен және олардың өркениеттерімен көптеген қарым – қатынастарының бар болғандығы да күмәнсіз. Осыған дінмен қатар экономикалық, саяси сипаттағы байланыстар да ықпалын жасады. Осы қарым-қатынастар барысында Ислам мен басқа діндер арасында айырмашылықтар бар екені белгілі болды. Өйткені Исламның жолы мен мақсаттары басқа діндерден өзгеше.
Ислам дүниетанымының құдайшыл негізі бар, яғни Алла тағаланың бар екенін парыз деп мойындайды және оның сипатты мен ерекшеліктері барлық жаратылғандарды, барлық уақытты пен барлық мекендерді қамтиды. Осылайша ол басқа дүниетанымдардан өзгешеленеді. Бірақ осы ерекшеліктердің антагонизм мен тайталасты білдірмейтіндігін түсінуіміз қажет. Ол адамгершілікке, экономикаға, қоғамдық өмірге немесе саясатқа да қатысты болуы мүмкін. Сол себепті ислам өркениеті екі принципке негізделген: өзгеру принципі және ұмтылу принципі.
Осы екі принцип Құран сүрелерінде, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) Рим императорына және Хұсрев патшаға арналған жолдауларында түсіндірулерін тапқан. Осы туралы Құран Кәрімнің «аль-Имран» сүресінің 64 аятында. «Ей, кітап иелері (Яхудилер мен Насаралар) Сендер және біздер болып біртұтас сөзге келейік: Бір Алладан басқа ешкімге құлшылық жасамайық, оған ешқандай ортақ қоспайық. Алладан тыс бір бірлерімізді тәңір тұтпалық деп айт» -деп, бұйырылған.