Ислам діні адамды еркін ойлауға үндейді. Сол еркін ойлануының нәтижесінде ол өзінің жаратушысын таниды. Құранды оқып, түсініп өзінің өмір сүріп отырған әлемнің тек бір ғана жаратушысы бар екенін таниды. Еркін ой арқылы қасиетті Құранның бұйырған әмірлерін орындап, оны өміріне арқау етеді және Аллаһ берген барлық нығметтерді өзіне пайдасына асырады. Ислам адамға ақыл мен ойды пайдалануын талап ете отырып, оны шектеп, дамуына кедергі жасағандарды терістейді. Ондай адамдарды Құрнда: «Олардың жүректері бар, алайда онымен түсінбейді. Көздері бар онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді тіпті одан әрі адасуда.»(Ағраф 179). Құрандағы Мүлік сүресінде: «Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ, бұл жалындаған тозақтың ішінде болмас едік»,-аяты арқылы ойланбай жалқаулыққа салынудың өзі күнә екенін ескертеді. Ойды шектеу әлемнің дамуын шектеу. Бірақ, еркін ойлау исламның белгілі бір постулаттарының аясынан шықпауы тиіс.