Шешенстан астанасы Грозныйда қала орталығынан пәтер алғысы келетіндер үшін “исламдық” бөліп төлеу (рассрочка) мүмкіндігі пайда болды. Favorit 13 исламдық қаржы тобы ұсынып отырған қызмет бойынша азаматтар тіпті алғашқы жарнаны төлемей-ақ та пәтер ала алады.
Бүгінде қала орталығынан жаңа көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Дәл қазір пәтер алса, бір шаршы метрінің құны – 59 мың рубль (292 мың теңге) болып тұр.
Клиенттерге 4 жылға дейінгі икемді үстеме бағамен бөліп төлеу ұсынылады. Егер 1 жылдың ішінде төлеп тастаса, пайыз қосылмайды. 2 жылда төлесе, 15%, 3 жылда – 25%, 4 жылда – 30% үстеме баға қосылады.
Компания өкілдерінің айтуынша, қазір азаматтармен келісімшарт жасау басталып кеткен. Үй алуға тек шешендер емес, көрші республикалардың да тұрғындары өтініш білдіріп жатыр.