Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар, «Дін-бұл тазалық» – деп бұйырады. Сыртқы тазалық адамзат баласын өркениеттілікке жетелейді. Ішкі тазалық – исламның барлық міндеттерін орындауда жүрек арқылы ұғынған (тасдик) және іс-әрекет арқылы сенімнің бір бөлігін көрсететін рухани – өнегелік тазалық.
Алла тағала ислам діні арқылы адамға берілген денсаулық кепілі секілді, тазалыққа да үлкен мән береді және қоршаған ортадағы тазалықты қолдауға шақырады. Яғни тәніміз тазаланбайынша, жанымыз да тазаланбайды. Ислам барлық зұлымдықтан адамның руханиятын қорғау құралы болса, тазалық – аурудың қоғамда таралуына жол бермейтін негізгі құралы.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан мұсылмандарға таза және ұқыпты болу, өзінің тәніне жақсылап қамқор болу, өзінің сыртқы келбетіне қарап жүру туралы жеткен көптеген хадистері бар.