Сұрақ: Исламда не үшін білімнен бұрын тәрбие қажет?
Жауап: Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», – деп айтуының астарында үлкен мағына жатыр. Ғалым орта ғасырдағы «му’аллим уа толиб» – «ұстаз және шәкірт» тұжырымдамасын айтып отыр. Бұл принципке сәйкес ұстаз білім алу үшін келген шәкірттің әуелі тәрбиесіне назар салатын. Оған оқу мен жазуды, білім мен ғылымды үйретпей тұрып, оның мінезіне, басқалармен қарым-қатынасы мен мәмілесіне көңіл бөлген.
Егер шәкірт тәрбиелі, көреген болса онда оны шәкірттікке қабылдаған. Ал енді мінезі дөрекі, құрмет пен сыпайылықтан мақұрым болса, оны үйіне қайтарған. Себебі «ұстаз және шәкірт» концепциясы бойынша тәрбиесі жоқ бала келешекте ғалым емес, залым болмақ деп сенген. Ал ғылым залымның қолына түссе, басқаларға қауіп төнеді. Сол үшін ислам талаптарына сәйкес шәкірттің бойына білімнен бұрын тәрбие қажет.
Жалғас САНДЫБАЕВ
Бұл сауалдың тағы бір жауабы; тәрбие – рухани, жалпы ислами білімнің ажырағысыз бөлімі, оның кіріспесі.
Адам – дамушы тіршілік иесі. Ертең, бірнеше ғасыр өте, бұл оны өңге, Күн жүйесінен тыс алыс аспани жұлдыз әлемдеріне жеткізеді. Адамзат өңге, жатпланеталық тіршілік иелерімен кездеседі (Осы мыңжылдық ортасына қарай бұл кездесу ықтималдығы дәрежесі күрт артады ары қарай ол тек қана арта береді). Ғарыши парасатты нәсілдер қауымдастығының мүшесіне айналады. Адамгершілік тәрбиенің жетіспеуінен Жер бетінде қанша зұлымдық жасалды адамдар арасында. Ертең ғарышта осылай жалғасса не болады?…
Алла ізгілік тәрбиесін білімнің ажырағысыз бөлімі етуінің тағы бір сыры осында….
Тереңірек түсіну үшін келесі сілтеме ашып, комментарийлерді оқыңыз: https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352 https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632 https://kazislam.kz/nege-quranda-pajghambardyng-s-gh-s-esimi-az-atalghan/
https://kazislam.kz/ne-ushin-pajghambardy-s-gh-s-habibulla-dep-atajdy/#comment-7636