Әйелдің рөлі қандай болмасын, үйде немесе үйден тыс жерде жұмыс істейтін әйел ретінде оған тиісті білім қажет. Білімге ұмтылу – бұл әрбір мұсылманның, мейлі ол ер адам немесе әйел адам болсын міндеті. Ислам негізінде әйел адамның білім алуға құқығы жоқ деген ереже жоқ, керісінше әйелдер де ерлер сияқты оқуы тиіс және ғылым иесі болуы керек.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан жеткен бір хадисте «Барлық мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдер білім алуға міндетті» (Аль-Бухари) дейді. Және тағы бір хадисте де «Білімге ұмтылу – әрбір мұсылманның міндеті» (Ибн Маджа) – деп, бұйырылған.
Исламда ілім үйрену – қоғам дамуының негізі. Білімді игеру адам баласын ізгі жолдарға бағыттайды. Білім алу арқылы қоғамға, адамзатқа пайда әкелген мұсылман әйелдердің болғаны тарихтан да белгілі.
Құран Кәрімнің «Зүмар» сүресінің 9-ыншы аятында «…………Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» – дейді. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана ғибрат ала алады» деп бұйырылған. Яғни, Алла тағала білімі бар адамдарды жоғары бағалайды.