Сұрақ: Ислам терроризмді қолдай ма?
Жауап: «Ислам» сөзі арабтың «бейбітшілік», «амандық», «тыныштық», «мойынсұну», «бағыну» деген мағынаны береді. Ислам – сансыз көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай бір шаңырақ астына біріктірген бүкіл әлемдік бейбіт дін. Ол арабтарға немесе белгілі бір ұлтқа жіберілген дін емес. Ислам діні экстремизм, терроризм, радикализмді қолдамайды. Терроризмнің ұлты да, діні де жоқ. Шынайы мұсылман адам экстремист, террорист болуы әсте мүмкін емес.
Алла Тағала «Маида» суресінің 3-аятында: «Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді тамададым және сендер үшін дін ретінде Исламды таңдадым» деп діннің атын Ислам деп таңдаған. Ислам діні толыққанды, кемеліне жеткен дін.
Икрам АЙТАЕВ