Ислам тарихы өз алдына үлкен бір ғылым саласы болып табылады. Ислам тарихы мен Пайғамбар (с.ғ.с.) тарихы екеуі ажырамас тұтас бір тарих болып табылады. Ислам тарихы тікелей Мұхамед Пайғамбардан (с.ғ.с.) басталады.
Жалпы ислам тарихы негізінен хронологиялық кезеңдер мен географиялық аймақтарға байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дәуірі, Сахабалар дәуірі Омеядтар дәуірі, Аббаситтер дәуірі, Османлы дәуірі және де мұсылман әулеттерінің дәуірі т.б.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дәуірі Ислам тарихының негізін қалады. Пайғамбар дәуірі ислам тарихында негізінен Мекке кезеңі, Мәдина кезеңі болып екі бөлімнен тұрады. Екі кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мекке кезеңі Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ге уахи жіберіле бастаған милади (біздің жыл санауымыз бойынша) 610 жылдан бастап, Мәдинаға көшкен 622 жылға дейін созылады. Екінші Мәдина кезеңі, Мұхаммед (с.а.у.)-ның 622 жылы Меккеден Мәдинаға көшуінен басталып, 632 жылы қайтыс болуына байланысты аяқталады.