Сабри Хизметли – 1951 жылы Сивастың Кангал ауданына қарасты Ескикарахисар ауылында дүниеге келген. Сивас Имам-Хатип лицейі мен Кония Каратай Лицейін бітірген. Жоғары білімін Селчук Университетінің Исламтану факультетінде тәмамдаған. Магистрлік және докторлық зерттеу жұмыстарын Францияда жүргізіп, 1979 жылы Париж-Сорбонна Университетінде доктор атағын алды.
Сонымен қатар 1977-1978 жылдар аралығында Тунисте түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Біршама уақыт ҰББМ (Ұлттық Білім Беру Министрлігі) Білім беру және тәрбие бөлімінің меңгерушісі болды.
1980 жылы Анкара Университеті дінтану факультетіне ғылыми зерттеуші ретінде тағайындалды. 1984 жылы доцент дәрежесін алды. 1986 жылы Ислам Тарихы кафедрасының доценттік құрамына тағайындалды.
1989 жылы профессор атағы беріліп, Ислам мәдениеті мен әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 1986-1988 жылдар аралығында Алжир-Оран Университетінде қонақ оқытушы ретінде қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта Анкара Университеті Дінтану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамында болумен қатар, Қазақстандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде проректор, шет тіддер және іскерлік карьера университетінде ректор қызметін атқарып отырған Хизметлидің түрік, араб және француз тілдерінде жарық көрген кітаптары, мақалалары мен аудармалары бар. Көптеген ұлттық және халықаралық конференция мен симпозиумдарға қатысқан автор түрлі журнал мен газеттерге мақала жазып, радио мен теледидарда бағдарламалар жүргізуде.
Жүктеп алу: Ислам тарихы