Бейсенбі, 30 Маусым, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам қайыршылықты дұрыс көре ме?

22.06.2022
- Сұрақ-жауап, Таңдаулы
0
30
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ислам қайыршылықты дұрыс көре ме?

Жауап: Анас ибн Мәликтің айтуы бойынша, Мәдиналы бір сахаба пайғамбарға (с.ғ.с.) бірнеше рет келіп жағдайының төмен екендігін білдіреді. Әр келгенде пайғамбар оның қолын бос қайтармайтын. Бір күні ол әдетінше тағы пайғамбарға  келген уақытта Алланың елшісі (с.ғ.с.):

– Үйіңде ешнәрсе жоқ па? – деп сұрайды. Сонда сахаба:

– Жоқ, үйімде бір жамылғым бар. Оның бір жартысын киім ретінде қолдансақ, екінші жартысын үйде төсеніш ретінде қолданамыз. Оған қоса су үшін бір ыдысымыз бар, – деп жауап береді. Бұған пайғамбар:

– Сол заттарды маған алып кел – деп оны үйіне жіберді.

      Сахаба тез арада айтқан заттарын үйінен алып келді. Пайғамбар (с.ғ.с.) заттарды жанындағыларға көрсетіп:

– Кім мына заттарды сатып алғысы келеді? – деп сұрады. Топтың ішінен бір сахаба:

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

30.06.2022

Ханафи мәзhабы – сүннет жолы

30.06.2022

– Мен бір дирхамға сатып аламын, – деп ниетін білдірді. Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтадан екі-үш рет:

– Кім бір дирхемнен көбірек береді? – деп сұрағаннан соң, басқа бір сахаба:

– Мен екі дирхемге аламын! – деп алға шықты. Пайғамбар затты сол адамға беріп, ақшасын әлгі заттың иесіне ұсынып:

– Мына ақшаның жартысына үйіңе тамақ ал, жартысына ағаш кесер ал да  жаныма кел, – дейді.

 Сахаба ағаш кесерді алып келісімен пайғамбар (с.ғ.с.) өз қолымен ағаш кесеріне сап тағып берді де:

– Енді осымен отын жинап, базарға апарып сат және сені енді он бес күндей көрмейтін болайын, – деп ескерту жасайды. Мадиналық сахаба Алла елшісінің (с.ғ.с.) әмірін орындауға кіріседі. Күндер бойы отын жинап, оны сатумен айналысып, он бес күн ішінде он дирхем жинады. Тапқан ақшасының жартысына отбасы үшін киім, қалғанына азық-түлік сатып алды. Он бес күн бұрын отбасын асырай алмай қайыр сұрап қайта-қайта алдына келген бұл сахабаның ақша тауып, кәсібін домалатқан сахабаны көрген пайғамбар (с.ғ.с.):

– Қайыр сұрап, қиямет күні жүзіңде тіленшектік мөрі басылған күйде келгенше, осылай еңбек қылғанын әлдеқайда қайырлы, – деп оған риза болғанын білдіреді (Әбу Дәуіт, Ибн Мәжаһ). Демек, дені сау немесе қолынан іс келетін адамның қайыр сұрағанынан гөрі адал еңбек еткені қайырлы.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Тегтер: еңбекИслам дініқайыршылық
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Алланың үш сыйын алғың келсе!

27.06.2022
Дін – бірлікке шақыратын күш
Видео

Дін – бірлікке шақыратын күш

20.06.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қажылық қарсаңында 80 мың Құран сатып алынды

Қажылық қарсаңында 80 мың Құран сатып алынды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Зул-хиджа айының артықшылығы

    95 рет бөліскен
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2389 рет бөліскен
    Бөлісу 956 Твитерге 597
  • Шек беру шариғатта бар ма?

    160 рет бөліскен
    Бөлісу 64 Твитерге 40
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1446 рет бөліскен
    Бөлісу 578 Твитерге 362

Соңғы жарияланымдар

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

30.06.2022
0
Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

Толығырақ оқу

Ханафи мәзhабы – сүннет жолы

30.06.2022
0

Толығырақ оқу

Жастардың домбыраға деген қызығушылығы артып барады

30.06.2022
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00