Жамандыққа жақсылықпен қайтару және бұрыс сөзге дұрыс сөзбен жауап қату шынайы мұсылманға жарасатын қасиет. Жамандық жасағанды кешіру – өзге де ақысы бола тұра, кешіп жіберу деген сөз. Алла Тағала кешіруші және кешірімділерді жақсы көреді. Құран Кәрімнің “Ағраф” сүресі 199-шы аятында «Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа шақыр және надандардан бетіңді бұр!», – деп бұйырады.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кешірімділікті ұстаныңдар, Алла Тағала да сендерді кешірсін және құрметтеріңді арттырсын!» -деп, өсиет қалдырған. (Бухариден риуаят етілген)