Корронавирус пандемиясы басталғалы бері Иранда 1,1 миллион адам жұмысынан айырылған. Бұл туралы ел президенті Хасан Рухани мәлімдеді.
Оның сөзінше, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың екінші мәрте енгізген санкциялары салдарынан бағалардың көтерілуі мен инфляцияның өсуі халыққа ауыр соққы болып тиді.
“СOVID-19 салдарынан 1,1 млн адам жұмыссыз қалды. Ал соның кесірін сезініп отырған халықтың саны одан да көп. Экономикалық соғыс, құрғақшылық және су тасқыны адамдарға көп жәбір көрсетуде”, – деді Рухани.
Президент Иранға қарсы жасалған санкциялар әсіресе пандемия кезінде ауыр тигенін айтады. Мәселен, көптеген елдер Ислам Республикасына бетперде сатудан бас тартқан.