Иранда төзімділігі жоғары жаңа “Мухаджир-10 “атты ұшқышсыз ұшу аппаратының танытымы өтті. Ислам республикасының Қорғаныс өнеркәсібі күнімен тұспа-тұс келген салтанатты іс-шараға ел президенті Ибрагим Раиси қатысты.
Жаңа шабуылдаушы дрон бір тәулік бойы жеті шақырымдық биіктікте ұшып жүре алады. Оның шабуылдау радиусы екі мың шақырымды құрайды. Сағатына 210 шақырым жылдамдықпен ұшатын аппарат 300 келіге дейінгі салмағы бар затты, мәселен Ghaem және Almas секілді бомбалар мен оқ-дәрілерді көтеруге қауқарлы.
Айта кетейік, Иранның бұған дейінгі танымал шабуылдаушы дроны – “Шахед” аппараттары, өкінішке қарай, қазіргі күні Ресей әскері құрамында Украина қалаларын үсті-үстіне бомбалап жатыр.