Ингушетия басшысы Махмуд-Әли Калиматов мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айында жұмыс күнін 1 сағатқа қысқарту туралы жарлыққа қол қойды.
“Калиматовтың жарлығына сәйкес мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмыс күнінің уақытын 1 сағатқа қысқарту ұсынылды”, – делінген аймақ басшысы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың және қызметтердің басшыларына электр энергиясын, су, газ және байланыс қызметін ораза кезінде үздіксіз беру, ал азық-түлік сататын дүкендерге сағат 23:00-ге дейін жабылмау және өнімдердің бағасын көтермеу туралы ұсыныс жасалды.
Бұдан бөлек, республика басшысы елдің Ауыл шаруашылығы министрлігіне транзиттік көлік жүргізушілері мен жолаушылар үшін “Кавказ” федералды күре жолы бойындағы мешіттерде ауыз ашуға жағдай жасау туралы тапсырма берді.