Жаңаөзен қаласының тумасы Қайрат 2010 жылы сәждеге жығылады. Ол дінді үйрену үшін мешіке бармады. Интернеттегі арандатушыларға ұрынды. Бұл уақытта ол 28 жаста еді. Әлеуметтік желідегі радикалды топтарға қосылып, шөл далада кенезесі кепкен адамдай у қосылған уағызды сімірді. Заһардың күшімен ұлттық құндылықтарды құнсыздандырады. Жемқорлықты желеу етіп, мемлекетті даттайды. «Намаз ‒ күпірлік пен мұсылмандықты ажырататын өлшем» деп, айналасын тіпті жақындарын діннен шығарады.
Діни білімінің жоқтығы салдарынан салафизм дертіне шалдыққан жігіттің кейінгі тағдыры не болды? Өкініші қандай? Оны Kazislam.kz порталының тапсырысымен дайындалған арнайы жобадан тамашалаңыздар.