Ел астанасы Джакарта қаласындағы “Истикләл” мешіті жөндеу жұмыстары кезінде отқа оранды.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, мешіт төбесін жөндеп жатқан құрылысшылардың мұқиятсыздығынан өрт тұтанып, бірден тарап кеткен. Нәтижесінде мешіт түгелдей отқа оранып, күмбезі опырылып түсті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Айта кетсек, бұл Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үлкен мешіт. 1978 жылы салынған құлшылық үйіне Индонезияның ұлттық мешіті мәртебесі берілген. Онда бір уақытта 120 мың адам намаз оқи алады.
Басты күмбездің диаметрі 45 метрді құрайды.