Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ бекіткен жұмыстың жеті бағыты бойынша аудан имамдарының жарты жылдық есеп беру мәжілісі өтті.
Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді мен Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Төлжанұлы, «Халал Дамудың» бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев, «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің жетекшісі Айбек Азимбаев, Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, сондай-ақ Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының имамдары қатысты.
Алдымен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы тарапынан діни оңалту бағыты, діни сауат ашу және уағыз-насихат жұмыстары мен халал бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді. Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан жарты жылдықта нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді.