«Бір күні мен Суфиан ас-Сауридан:
– Әбу Ханифа өзгені жамандап, ғайбаттаудан қаншалықты алшақ жүретін еді? – деп сұрадым. Сонда Суфиан:
– Мен оның өзге тұрмас өзінің дұшпаны туралы жаман айтқанын естімедім, Алланың атымен ант етейін, ол өзгені жамандау арқылы өзінің жақсы амалдарына зиян келтіруші адамдардан емес еді, – деді.
Әл-Муаффактан Абдыраззақ айтады: «Мен әрдайым Әбу Ханифаның жүзінен (намазда жылаған) жастың іздерін байқайтынмын».
Жалғас АСХАТҰЛЫ