Имам Әбу Ханифаның тақуалығы

    0
    73

    «Бір күні мен Суфиан ас-Сауридан:

    Әбу Ханифа өзгені жамандап, ғайбаттаудан қаншалықты алшақ жүретін еді? — деп сұрадым. Сонда Суфиан:

    – Мен оның өзге тұрмас өзінің дұшпаны туралы жаман айтқанын естімедім, Алланың атымен ант етейін, ол өзгені жамандау арқылы өзінің жақсы амалдарына зиян келтіруші адамдардан емес еді, — деді. 

    Әл-Муаффактан Абдыраззақ айтады: «Мен әрдайым Әбу Ханифаның жүзінен (намазда жылаған) жастың іздерін байқайтынмын».

    Жалғас АСХАТҰЛЫ

    Пікір жазу