Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «ихсан» мектебін насихаттауды қолға алды. Дінтанушы Алау Әділбаев бұның уақыт сұранысынан туындаған керемет бастама екенін айтады. Бұрын халықтың діни сауаты төмен еді. Кейін сауатын ашты. Ақиданың, фиқһтың, мәзһабтың не екенін біліп қалды. Енді қазір адамдар рухани жетілудің жолдарын іздеуде. Осы тұрғыда ихсан – рухани тұрғыда кемелденудің бірден-бір жолы.