Сұрақ: Хэллоуин түнінде не істейді?
Жауап: Адамдар кеш жамылып, түрлі қорқынышты кейіпкерлердің масқасын киіп көршілердің үйілерін аралайды. Олар не үшін күндіз араламайды деп сұрауыңыз мүмкін. Себебі олар өздерін сол түні азық ізтеп шыққан әруақтар санайды, ал өлілер тек түнде және қараңғыда жүреді деп сенген.
Бірақ киген масқалары жалмауыз кемпір, вампир, жын, гоблин сияқты т.б. зұлымдық пен өлімді, қорқыныш пен үрейді бейнелейтін жаман кейіпкерлер болып шығады. Әдетте Еуропада бұл мейрамды қыс күндерінде тойлайтын болғандықтан әруақтар тоңып, үйіне жылынуға келеді деп те сенген. Сол үшін үйлерін, ауласын түн мезгілінде отпен немесе шам шырағымен безендіріп қояды.
Негізінде ертеде бұл отты зұлым әруақтарына құрбандық шалу мақсатында жағатын болған. Бұл түнде қорқынышты киініп неғұрлым басқаларды қатты қорқытсаңыз, соғұрлым ұпай [энергия] алған саналасыз. Өйткені зұлым күштердің мақсаты, адамның зәресін алу.
Қарап отырсаңыз, бұл біздің балалар мен жастар еліктейтін мейрам емес, жамандықтың желі есіп тұрған жат дүние. Мейрамда адам көңіл көтереді, бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Қорқынышты киімдер киіп, шоқпыт жамылып балаларды қорқытпайды.
Бұл бір әзіл кеші сияқты болып көрінгенімен қорқынышты кейіпкерлер, үрей туғызатын күлкі мен музыка баланың келешегі мен психологиясына кесір тигізері сөзсіз.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ