Халифа хазірет Омардың (р.а.) заманында Мысыр елінің халқы қала әкімі хазіреті Әмір бин Асқа келіп:
«Ніл өзенінің бір әдеті бар. Бұл әдеті орындалмаса, суы тартылып қалады. Осы айдан 12 күн өткеннен кейін, бір қыз табамыз. Жанұясына ақша беріп разылығын алып, ол қызды әдемілеп, сәндеп Ніл өзеніне лақтырамыз» –дейді.
Әмір бин Ас: «Ислам бұрынғы бұрыс әдеттерді жойған» – деп қабыл етпейді. Осыдан 3 ай өтіп Ніл өзенінің суы халықтың айтқанындай тартылып қалады. Ніл өзенінің айналасындағы Мысыр халқы басқа аймаққа көше бастайды. Бұл жағдайды көрген Әмір бин Ас хат жазып, жағдайды хазіреті Омарға жеткізеді. Хазіреті Омар хатты оқып былай деп жауап жазады: «Олардың әдеттерін орындамағаның дұрыс болған. Хаттың ішіндегі қағазды Ніл өзеніне таста».
Ал хаттың ішіндегі қағазда былай деп жазылған екен: «Алланың құлы Омар бин Хаттабтан Ніл өзеніне! Егер бұдан бұрын өзім ағып тұрған едім деп ойласаң, ақпа! Егер де сені жалғыз және қаһһар болған Алла Тағала ағызған болса жалғыз және қаһһар болған Алла Тағаладан сені ағызуы үшін дұға етемін, ағызуын сұраймын».
Әмір бин Ас ол қағазды Ніл өзеніне тастаған екен. Ертеңіне су аға бастапты және бұдан кейін еш тоқтамаған екен.
Kazislam.kz