«Халал Даму» еліміздегі ең ірі сауда орындарының бірі «Magnum Cash & Carry» супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендеріндегі ет және шұжық өнімдерін тексерістен өткізуде.
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының тікелей қатысуымен жүргізілген ревизорлық бақылау барысында Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары, Алматы облысындағы «Magnum Cash & Carry» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері тексерілді.
«Magnum Cash & Carry» – серпінді дамып келе жатқан еліміздегі ең ірі сауда желісі. Кәсіпорын 2007 жылдың 14 қыркүйегінде құрылып, дәл сол кезде «Magnum»-ның алғашқы дүкені ашылды. Негізгі қызметі – халық кең тұтынатын тауарларды қолжетімді бағамен, жоғары сапада ұсыну. Мұндағы баға орташа есеппен нарықтық бағадан бірнеше пайызға төмен. Еліміздің 10 қаласында бірнеше сауда орындары бар «Magnum Cash & Carry» сауда орнында күніне 300 000 мың тұтынушы сауда жасайды. Тұтынушылардың сұранысы және «Magnum Cash & Carry» кәсіпорнының ұсынысмен аталған сауда орындарын бақылау-қадағалаудан өткізуді жөн көрдік. Қазіргі таңда, «QMDB HALAL» стандартына сәйкес сертификаттау үшін қажетті жұмыстар жасалуда. Сертификаттауға қатысты өзге де жаңалықтармен алдағы уақытта бөлісеміз» деп мәлімдеді Айбек Асқарбекұлы.