KAZISLAM – Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғынүй алабында «Халал Даму» ЖШС-нің қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен осындай тақырыптағы семинар өтті.

Семинарға «Халал Даму» ЖШС-нің қалалық бөлімінің жетекшісі Қазыбек Сарыбаев арнайы қатысып, мекеме басшысы Айбек Асқарбекұлының сәлемін жеткізіп, халал бағытындағы жұмыстар жайлы кеңінен таныстырды.

Сондай-ақ халал тағамның шариғат тұрғысынан һәм денсаулыққа пайдасы жайлы ақпараттық насихат жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде Қаратау ауданына қарасты «Нұр-Дәулет» шағын шұжық өндіретін цех басшылығы халал сертификатын алу жөнінде келісімге келді.

Пікір жазу