Өзін ең ақылды, өзінен асқан адамның болмағанын және осы дүниеде ол болмаса құлап қалатындай көрсететін жандардың бойында «тәкәппарлық» деген жаман қасиет пайда бола бастайды. Осы уақытта адам басқалардың кемістігін іздеп, ыңғайын тауып бетіне басып отырады мұндай іс-әрекетке ислам тыйым салады. Адамдардың қателіктерін іздеу күнә. Ал, Әмри маруф жасау басқа, оны жылы шыраймен, ешкімді ренжітпей, жалпылама түрде айтылады. «Басқасының күнасын жасыруда «ай» сияқты, жақсылығын көрсетуді «күн» сияқты болыңдар деген Мевлананың сөзі еріксіз ойға түседі.
Сынның барлығы дұрыс емес деген қате пікір. Мысалы сырға тағып жүрген жас жігітті көрген кезде «Әйелдерге ұқсап қалыпсың» деп оны бұл қоғамға теріс қылығынан қайтару мақсатына сын айтылса ештеме болмайды.
Жауап берген: Балғабек Мырзаев