2065 жылға қарай Швеция халқының жартысынан астамын мұсылмандар құрайтын болады.
Бұл туралы Чехияның премьер-министрі Андрей Бабиш мәлім етті.
Оның пікірінше, мұсылман елдерінен шыққан мигранттардың үлес салмағының арту үрдісі тек Швеция емес, басқа да еуропалық елдерде жүреді. Мәселен, Голландияда 2044 жылы халықтың көп бөлігін мұсылмандар құрамақ.
Айта кетсек, Бабиш – мұсылман мигранттарының Еуропаға келуіне тегеурінді қарсылық танытып жүрген саясаткер. 2017 жылы ол Чехия пана сұраған босқындарды мүлдем қабылдамау керек деп бастама көтерген болатын.