Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ҚР АҚДМ Дін істері жөніндегі комитеттің қолдауымен онлайн-форматта «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университеті, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ жетекші ғылыми қызметкерлері мен өкілдері қатысты.
Іс-шара дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруге, сондай-ақ Елбасының негізгі бастамаларын, бірегей халықаралық алаң – Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін ілгерілетуге бағытталған.
Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев а.ж. 5-6 қазанында әлемнің 20 елінен: Әзірбайжан, Армения, САК, БАӘ, Үндістан, Пәкістан, Ресей, Түркия, Иран, Ватикан, Ұлыбритания, Израиль, Мысыр және т. б. халықаралық ұйымдары, діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен Съезд Хатшылығының XIX отырысы өткізілетіні туралы айтты.
ҚР АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров дөңгелек үстелге қатысушыларды дінтанушылар мен теологтардың білікті мамандарын даярлау және қайта даярлау жөніндегі комитеттің жұмысымен таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, Н. Назарбаев орталығы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында жобалар мен іс-шараларды, соның ішінде тақырыптық талдамалық материалдарды жариялап, бірлескен зерттеулер, ғылыми тағылымдамаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.