Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары аясындағы жарыс билеттері құрлықтағы Қытайда тұратын жанкүйерлер арасында сатылады.

Қысқы Олимпиада аясындағы жарысты көргісі келетіндер ковидке қарсы хаттамаларға сәйкес болуы тиіс. Билеттерді сату мәселесі талқылау және өңдеу сатысында, олар туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Бейжің қаласындағы 2022 жылғы Олимпиаданың коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсын өткен барлық спортшылары мен қатысушылары Бейжіңге келген соң жабық цикл жүйесінде орналасады. Ал вакцина алмаған спортшылар Қытай астанасына келген соң, 21 күндік карантинге жатқызылады.

Вакцина алмаған атлеттер вакциналаудан бас тартудың медициналық негіздемесін ұсынса, олардың ісі бөлек қаралады.

Бейжіңге келіп жететін барлық қатысушылар (спортшылар мен атлеттермен Олимпиада ауылдарында бірге еріп жүрген делегацияның кейбір тұлғаларынан басқа) ұйымдастырушылар белгілеген ковидке қарсы шараларға сәйкес келетін қонақүйлерде тұрады. Ойындардың барлық қатысушылары мен қызметкерлерінен күн сайын коронавирусқа қарсы тест алынады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Маңғыстау: Мешіттерінің жылдық есебі тыңдалды

Айта кетейік, Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-22 ақпан күндері, ал Паралимпиада ойындары – 4-13 наурызда өтеді.

Пікір жазу