Соңғы жылдары жастардың дінге қызығушылығы мен бетбұрысы өте жоғары деңгейде. Алайда, дінге бет бұру үрдісінде діни ілімді, ақпаратты жастар қайдан және қалай алып жатқаны маңызды. Мамандарды «дінге қызыққандардың ұстаз алдын көрмей, интернетке жүгінуі» қынжылтады. Өйткені, көп жағдайда тұтынушыға дұрыс емес бұрыс ақпарат беріледі.