Қазіргі күнге дейін Газа секторында Израильдің әуе соққыларының салдарынан 39 журналистің қаза тапқаны белгілі болып отыр. Бұл туралы Журналистерді қорғау комитеті мәлімет берді. Өмірімен қош айтысқан БАҚ қызметкерлерінің төртеуі – израильдік, біреуі – ливандық, қалғаны – палестиндіктер.
Одан бөлек көптеген журналистер жарылыстар салдарынан өздерінің балалары мен туыстарынан айырылған. Өйткені Израиль әскері тұрғын үйлерді де атқылап жатыр.
Қазіргі таңда Газа секторында жалпы қайтыс болған адамдар саны 12 мыңнан асты, олардың әрбір төртіншісі – балалар.
Журналистерді қорғау комитетінің мәліметінше, бұл 1992 жылдан бері журналистер ең көп өлген қақтығыс болып отыр.